ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қазанда Өскемен маңындағы Ново-Явленка кентінде орналасқан шаруа қожалығы аумағында өрт болған. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жеткен.
«450 тонна пішен жанып кетті. Қазіргі уақытта өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Отты ауыздықтауға барлығы 9 адам мен 2 техника тартылды», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңір бойынша 1000 тоннадан астам пішен жанған.
Көп жағдайда өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болуда. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамайтындар да жиі кездеседі.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО құтқарушыларының биыл ғарыштан бақылау арқылы 658 өрттің таралуын уақтылы тежегені хабарланған.