Өскемен мен Алматыда ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

— 2025 жылғы 6 қыркүйекте Өскемен, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұдан бұрын Өскеменде ауа сапасын бақылайтын мобильді зертхана іске қосылатынын жазған едік.