ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өзі жұмыс істейтін компанияға тиесілі қаражатты жаратып жіберген ер адам ерекше қулыққа барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
32 жастағы қала тұрғыны сөмкесіндегі 2 200 000 теңгенің ұрланғанын айтып, арыз жазған. Бұл ақша ол жұмыс істейтін компанияға тиесілі екен. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде ешқандай ұрлық фактісі анықталмады.
«Ер адам ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабымен (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.