Өскемен тұрғыны көлікпен 100 литрден астам алкогольді ішімдік тасымалдаған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны көлікпен 100 литрден астам алкогольді ішімдік тасымалдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері Согра кентіндегі «Восточник-6» саяжай қоғамдастығы аумағында LADA PRIORA маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында салоннан және жүк салғыштан 105 литр алкогольді ішімдік табылып, тәркіленді.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.