ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 180 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, күн сайын COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандар саны артып келеді.
«Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары үшін «Спутник V», «Vero Cell» және отандық «QazVac» вакциналары қолжетімді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қала бойынша 183 782 адам вакцина салдырған. Екпені медициналық мекемелерде, кейбір сауда орталықтарында және жылжымалы пункттерде алуға болады», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда иммундық плазманың 7 мыңға жуық дозасы дайындалғанын хабарлаған болатынбыз .
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.