Өскеменде анасымен сөзге келіп қалған жасөспірім бір күн бойы шатырда тығылып отырған

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде жоғалып кеткен, кәмелетке толмаған жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

7 тамызда І.Есенберлинкөшесінде тұратын азаматша полицияға өзінің 12 жастағы қызының үйден кетіп,қайта оралмағаны жөнінде хабарлаған.

Ақпаратты алғаннанкейін Ұлттық гвардия әскері және полиция қызметкерлері дереу қызды іздеугекіріскен. Кейін іс-шараларға Шығыс Қазақстан полиция басқармасы аппаратының 40,Ұлттық ұланның 60 қызметкері жұмылдырылды. Бір тәулікке созылған іздеубарысында қызметкерлер Өскеменнің 19-шы шағын ауданынының маңындағытұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген.

Іздестіружұмыстарының нәтижесінде, бала 8 тамыз күні кешке табылды. Кейін белгіліболғандай, ол анасымен арада болған жанжалдан кейін үйден кетіп, осы уақытқадейін өзі тұратын үйдің шатырында жасырынған. Қызметкерлер баланы медицинатексерістен өткізді, денсаулығы бірқалыпты.

Қазіргі уақыттаоқиғаның мән-жайын анытау ісімен ювеналды полиция қызметкерлері айналысуда.

Соңғы жаңалықтар