Өскеменде балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – ШҚО прокуратурасы балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбек құқығын қалпына келтіргенін мәлім етті.

Фото: pexels

Өскемен қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау аясында «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінен еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады.

Медициналық мекеме басшылығының еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы салдарынан екі айдан астам уақыт бойы 53 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек түзілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 17,5 млн теңгеден астамсомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылдың I тоқсанындағы орташа айлық жалақы 461 486 теңге болды. 2025 жылдың тиісті тоқсанға қарағанда 9,1%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Көкшетауда 600-ге жуық медицина қызметкері жалақыларының кешіккеніне шағымданды.