Өскеменде дәмханада өрт шығып, 45 ересек және 10 бала эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көпқабатты үйге жапсарлас орналасқан дәмханада өрт шығып, 55 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: t.me/qr_tjm

«2 шілде күні, сағат 05.23 шамасында Өскемен қаласында дәмханада өрт шықты. Бұл уақытта дәмхана жабық болған. Барлығы 55 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Эвакуация жүргізумен бірге өрт сөндірушілер отпен күресіп, оны сағат 6.19-да 120 шаршы метр аумақта сөндіре алды.

ШҚО ТЖД барлық дәмхана үй-жайлары автоматты хабарлау жүйелерімен жабдықталуы тиіс екенін еске салады.

Өрт кезінде дереу»101«нөміріне қоңырау шалыңыз», - делінген ТЖМ мәліметінде.