Өскеменде электр желісіндегі апат қалпына келіп, 12 мың үйге қайта жарық берілді
11:26, 28 Қаңтар 2026
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында электр желісіндегі апат қалпына келтірілді.
28 қаңтарда қаладағы 12 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған болатын.
- Гагарин бульвары, Карбышев, Виноградов, Севастопольская көшелері аумағында және Мирный кентінде электр энергиясы апатты түрде өшірілді. Апатты бригада жедел түрде сол жерге барып, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды, - деп хабарлады «БЭСК» АҚ баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау толықтай қалпына келтіріліп, үйлерге жарық берілді.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде электр желілеріндегі апат салдары жойылып, үйлерге жылу берілгені хабарланған.