ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «Сергек» камералары бір айдың ішінде 300-ден астам заңбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Көркем Телеком» ЖШС мәліметіне сүйенсек, 1-30 қаңтар аралығында «Сергек» бейнебақылау камералары 345 заңбұзушылық тіркеген. Оның ішінде 220-сы ұсақ бұзақылық, 73-і қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу, 47-і жол-көлік оқиғасы, 1-і – ұрлық.
Айта кетсек, бүгінде облыс орталығында 1700 камера бар. Олар жол қиылыстары мен жекелеген аумақтарда, сондай-ақ сауда орталықтары мен адам көп шоғырланатын орындарда орнатылған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.