«Қазіргі уақытта агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті орын алған жағдайға мемлекеттік қызметшілердің қатысы болуы немесе болмауын анықтау мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруда. Агенттік аталған мәселені ерекше бақылауға алды. Тексеріс нәтижелері туралы жұртшылыққа қосымша хабарланатын болады», - деді Е.Таткен.
Еске салайық, Instagram-аккаунттардың бірінде видео жарияланған болатын. Видеоға берілген комментарийде айтылғандай, Өскемен мейманханаларының бірінде қала шенеуніктері жанжалдасып, оның соңында бір адам пышақ жарақатын алды.