Өскеменде тағы да апат болып, 2000-ға жуық тұрғын үй жарықсыз қалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскеменде 13 сәуір кешкі уақытта кезекті апатты жағдай болып, ЖМК шағын ауданының тағы бірнеше көшесінде электр энергиясы өшірілді. 

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Бұл соңғы күндердегі алғашқы жағдай емес. Бүгін таңертең осы шағын ауданда шамамен 2,5 мың абонент жарықсыз қалған болатын.

Бір апат толық жойылмай жатып, екіншісі тіркелді. «БЭСК» АҚ мәліметінше, апат 17:39–да «КШТ» 110/10 кВ қосалқы станциясында болған.

— 13 сәуір күні кешкі уақытта қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты «КШТ» қосалқы станциясында Л-44 желісі апатты түрде ажыратылды. Соның салдарынан ЖМК шағын ауданының тұтынушылары — Сәтбаев даңғылы, Өтепов және Жастар көшелерінің тұрғындары, жалпы саны шамамен 2000 абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта арнайы бригада жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде 5 мыңға жуық абонент жарықсыз қалғаны хабарланған