ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне 36 жастағы тұрғын жүгінген. Өз сөзінде ол «AUDI» автокөлігін еш рұқсатсыз айдап кеткен танысының жол-көлік оқиғасына тап болғанын жеткізді. Осының салдарынан келтірілген шығын мөлшері 2 млн теңгені құрап отыр.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. 41 жастағы ер адам өз қылмысын мойындап отыр», -деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.