«30 қыркүйек кешкі уақытқа дейін барлық үйге жылу беріледі. «Техникалық әзірлік сертификаты» жоқ нысандар соңында қосылады. Толыққанды ақпаратты тұрғындар ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинеттен, «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасынан, 7-747-427-40-22 WhatsApp чат ботынан, @UKTSbot Telegram чат ботынан біле алады», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Риддерде және Шығыс Қазақстанның өзге қала, аудандарында жылу маусымы әлі басталған жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Риддер жылу орталығының қысқа қаншалықты дайын екендігі жайлы жазған едік.