ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласындағы конденсатор зауытында өрт шықты. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Малдыбаев көшесінде конденсатор зауытының аумағында өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталды.
— Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері дереу тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарына кірісті. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында қызыл жалын толықтай өшірілді. Өрттің жалпы аумағы 720 шаршы метрді құрады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі студенттер жатақханасынан өрт шыққаны хабарланған.
Ботакөз Кенжеханқызы
2018 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2017 жылы Ұлан аудандық «Көктау нұры» газетінде бастады. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Менің өлкем» газеті мен Buqara.kz сайтында тілші, Amanzholov University баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.