Өскеменде жоғалған бозбала 2 күн бойы досының үйінде жатқан

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жоғалып кеткен 15 жастағы бозбала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 тамызда полицияға хабарласқан әйел ұлының жоғалып кеткенін жеткізді. Оның айтуынша, осыдан 2 күн бұрын үйден шығып кеткен баласы сол күйі қайтып оралмаған.

«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, 15 жастағы бозбала 4 сағаттың ішінде табылды. Белгілі болғандай, ол 2 күн бойы досының үйінде жатқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары баланың не себепті үйден кетіп қалғанын анықтап жатыр.