Өскеменде жоғалып кеткен 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды
15:49, 11 Наурыз 2022
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жоғалып кеткен 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Диас Қапезов 9 наурызда із-түссіз жоғалды. Ер адам 23-ші шағын аудандағы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
Бүгін таңғы уақытта оның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде жоғалып кеткен 32 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.