Өскеменде жылы аялдаманың ішіндегі теледидарды ұрлап кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде жылы аялдамалардың бірінде орнатылған теледидар ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

3 тамыз күні Өскеменқаласы Полиция басқармасының «102» қызметіне «Өскемен-тәртіп» жауапкершілігішектеулі серіктестігінің өкілі шағымданған. Белгісіз адам компанияға тиесілі Назарбаевдаңғылы бойындағы жылы аялдама ішіндегі теледидарды ұрлап, аталған мекемеге 50мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Қоңырау шалынғансоң іске кіріскен Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынынұстап, қылмыстың ізін суытпай ашты.

Күдіктінің бұрын да бірнеше рет сотты болғаны тергеубарысында анықталып, бұлтартпас нақты айғақтардың нәтижесінде кінәсі толықтаймойындалды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстықкодексінің 188-бабының1-бөлімі бойыншасотқа дейінгі тергеу амалдары тағайындалды.