Оқиға 7 мамыр күні кешке Карбышев көшесінде болған. Оқиға кезінде көпір үстінде сегіз адам болған. Оның ішіндегі төртеуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер.
Сол жерге шұғыл түрде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері келіп жетті. Көпірде болғандардың барлығын дәрігерлер тексеріп шықты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, ешкім ауыр жарақат алмаған. Зардап шеккендердің денесінде жеңіл жаралар мен сырылған іздер ғана бар.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс жағдайға көпірдің қатты шайқалуы себеп болған.
- Кәмелетке толмағандар ойын барысында көпірді тербеткендерін мойындап отыр. Соның салдарынан жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің жабындысы зақымданған, - деп хабарлады қала әкімдігінен.
Қазіргі уақытта көпір уақытша жабылды.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында нөсер салдарынан көпірлерді су шайып, 81 адам эвакуацияланғаны хабарланған.