Өскемендегі мемлекеттік рәміздер тауындағы Ту жыртылды — әкімдік не дейді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласындағы мемлекеттік рәміздер тауындағы жыртылған Ту ауыстырылады.

Фото: видеодан алынған скрин

Бүгін әлеуметтік желіде қаладағы мемлекеттік рәміздер тауындағы Тудың жыртылып кеткені туралы видео тарады.

Осыған қатысты Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен жауап берді.

— Қазіргі уақытта оқиға орнына жедел бригада жіберілді. Қауіпсіздік мақсатында жыртылған Ту алынды. Осы сәтте бұл аумақта желдің екпіні қатты болғандықтан, жаңа Туды орнату мүмкін емес. Ауа райы болжамына сәйкес, таңғы сағат 04:00 шамасында жел басылғаннан кейін Мемлекеттік Ту қайта ілінеді, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін елімізде мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылғаны хабарланған