Өскемендегі Шмелев Лог кентінде жерасты суы көшеге жайылды
Өскемен қаласының іргесіндегі Шмелев Лог кентінде жерасты су көшеге жайылған, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: "Таза Өскемен" КМК баспасөз хатшысы Рустам Инекеевтен
Жерасты су Шмелев Лог кентінде Димитров көшесіне жайылды. Абырой болғанда, су жер үйлер мен аулаларға өтпеген. Бұл туралы «Таза Өскемен» КМК баспасөз хатшысы Рустам Инекеев айтып берді.
«Жерасты су көтерілгеннен бірде-бір үйге зақым келмеді. Суды арыққа ағызу, ыдыс-қап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда», - дейді ол.
Су жер бетіне әлі де көтеріліп жатыр. «Таза Өскемен» КМК жұмысшылары сол жерде тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр.
Фото: "Таза Өскемен" КМК баспасөз хатшысы Рустам Инекеевтен
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында үйлерді су басу қаупі сейілгені хабарланған.
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.