Кешелі бері қаладағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистралінде құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалған.
Қазіргі уақытта “Шығыс жылу” АҚ мамандары ақау болған жерді қалпына келтірді.
- Ақау себебі анықталған соң жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Жылу магистралі құбырлары қанағаттанарлық жағдайда. Пайдалану мерзімі – 10 жыл. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары толық аяқталды. Барлық үйлер мен нысандарға жылу берілді, - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.
Еске салсақ, 16 қараша күні Өскемендегі жылу магистралінде құбыр жарылғаны хабарланған.
Сол жерде екі бригада ауысыммен жұмыс істеді.