Өскемендегі балабақшада түнде болған оқыс оқиға тексерілуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен полициясы «Азамат» балабақшасының қоршауы мен жылыжайына зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бір топ бейтаныс адам мінген жүк тиегіш машина Согра кентінде балабақшаның қоршауын бұзып кіріп, жылыжайға зиян келтірген.

«Факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өскемен қаласының Ертіс ІІД полиция бөлімі ҚР ҚК 389-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді», - деп мәлім етті облыстық ішкі істер департаментіндегілер.