Бұл сәулет туындылары Ертіс көпірі маңындағы алаңға ерекше сән береді. Әрбір мүсіннің биіктігі 3,5 метр, олардың жалпы саны - 14. «Қыз Жібек» операсында орындалатын «Айжан қыз» биіне билеп тұрған «қола қыздар» Бәйтерек монументінің төңірегіндегі композициялармен үндесіп тұр. Оларға қарап қазақ қызына ғана тән сұлулық пен биязылықты, жан көркемдігін аңғаруға болады.
13:33, 18 Қазан 2017
Өскемендегі Бәйтеректі айнала қола мүсінді 14 қыз билеп тұр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі Бәйтерек монументінің айналасына тізіле орналасқан ұлттық киімдегі биші қыздардың таңғажайып қол мүсіндері қаланың көркін ерекше ажарландырып жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.