24 мамыр күні полицияға белгісіз біреулердің Даңқ мемориалын бұзғаны туралы ақпарат түскен болатын.
Анықталғандай, вандалдар Мәңгілік алаудағы жасанды гүлдерді өртеп жіберген.
Бұнымен қоймай, жанған гүлдерді соғыс ардагерлерінің аты-жөні жазылған ескерткішке төсеген.
«Қазіргі уақытта мемориалды бүлдіргендердің кім екендігі анықталды. Ол 11 және 9 жастағы ағасы мен қарындасы болып шықты. Олар ойнап жүріп жасанды гүлдерді өртеп, ескерткішке төсегенін мойындады. Тәртіп сақшылары балаларға және ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жеткіншектердің ата-анасы ӘҚБтК 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.