Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.
Сараптама көрсеткендей, олар - 25 - 27 жастағы Өскемен тұрғындары. Ұсталған кезде ішімдік ішкені анықталды. Рульде отырған жүргізуші удай мас болған. Егер патрульдік экипаж алдына тұрып, тоқтатпағанда, оқиға қайғылы аяқталуы да ықтимал еді.
«ҚазАқпарат» хабарлағандай, 22 сәуірде сағат 20.40-та Жедел басқарма орталығынан Красина кентіне күзеті жоқ тұрақтан жүк көлігі ұрланғаны туралы бағдар түсті. Машина ұрланғаны туралы ақпаратты барлық әскери жасақтар алды. 5 минуттан кейін ҰГ 5518 әскери бөлімінің кезекшісі капитан Ермахан Манақбаев көлікті Новаторов көшесі жағынан байқап қалған.
Олар кезекші жедел қызметкерге ескертіп, өздері олардың артынан қуып кетеді. Көлікте одан басқа екі қатардағы сарбаздар Еламан Талдыбаев пен Владимир Науман және аға сержант Берік Қиялов болды. Олар әскерилердің тоқтатқанына құлақ аспаған, патрулдік машина оның алдына тұрып, жолын кесуге тура келді.
Ұсталғандар полиция қызметкерлеріне тапсырылды.