Өскемендік «жеңгетай» 3 жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жеңгетайлық фактісін әшкереледі. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жеңгетайлық фактісін әшкереледі. 53 жастағы әйел Өскемен қаласындағы қонақ үйлердің біріне интимдік қызмет көрсету мақсатында жезөкшелер әкеліп отырған. Қазір ұсталған азаматшаның үстінен ҚР ҚК-ң 271 бабы 1 тармағымен іс қозғалды", - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық қылмысы үшін 500-1000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.