31 және 32жастағы таныстарына сенген тұрғын металл сынықтарын қабылдайтын орын ашу үшінсеріктестеріне 1 млн30 мың теңгені ұстатып қоя берген. Олекеуі ақша қолдарына тиген күні-ақ хабарсыз кеткен.
«Өскеменқалалық полиция басқармасына 32 жастағы тұрғын келіп, өзінің екі танысынаалданып қалғанын хабарлады. Жедел іздестіру шараларының арқасында облыс орталығының 2 тұрғыны ұсталды. Екеуі декінәларын толық мойындады», - дейді ШҚОполиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Айгерім Нұрғазина.
Қазіркүдіктілерге қарсы ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.