АСТАНА. KAZINFORM — Ташкентте (Өзбекстан) кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр.
Аталған бәсекеде ұлттық құрама спортшылары бес медаль жеңіп алды.
Әдия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей алтын медаль жеңіп алды.
Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.