Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Ерұланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті.

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты атанды
Фото: IJF

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Санжар ақтық сында жапониялық Шокей Хираноны тізе бүктіріп, алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша ұлттық құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 келіге дейін) қола жүлде алған еді.

Еске салайық, мұның алдында дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Ерұланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға жолдама алғанын хабарлағанбыз.