Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл қадам банкке сіздің деректеріңізді дұрыс есепке алуға мүмкіндік береді.
Ол үшін мына іс-әрекеттерді орындау керек:
• Браузерді (Google Chrome, Safari) ашып, orken.otbasybank.kz сайтына кіріңіз.
• «Кіру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.
• Құпиясөзді енгізіп, кіруді растаңыз.
• Жүйеге кіргеннен кейін «Деректерді жинауға және өңдеуге келісім» терезесі пайда болады.
• Мәтінмен танысып, «ИӘ, мен өтінішпен таныстым» деген құсбелгісін қойып, «ЭЦҚ мен қол қою» түймесін басыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін «Отбасы банкі» «Келешек» бағдарламасы аясында 6 762 кішкентай қазақстандықтың есепшотына 1,6 млрд теңге аударылғанын хабарлады.
Сонымен қатар банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беру үшін KASE-ден 102,7 млрд теңге тартқаны анықталды.