— Өткен жылы Банк қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы бірқатар әрекеті белгілі болды. Олар клиенттерге, риелторларға, жеке сот орындаушылары мен нотариустарға белгілі бір мәселелерді шешуге көмектескені, сондай-ақ тұрғын үй кезегін жылжытқаны үшін заңсыз сыйақы алған, — делінген банктің есебінде.
Сонымен қатар филиалдардың бірінде қызметкер клиенттердің несие төлеу қабілетін растау үшін олардың табысы туралы жалған құжаттар дайындап, несие өтінімдеріне қоса бергені де белгілі болған.
Анықталған фактілерден кейін аталған қызметкерлер жұмыстан шығарылған.
Банк сондай-ақ бұл қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына арыз жолдаған.
Қазір анықталған деректер бойынша бірнеше қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында Sim-Box арқылы алаяқтарға көмектескен жігіт сотталғаны хабарланды.