Министрдің мәліметіне қарағанда, 2015 жылдың өткен 11 айында Қазақстанда 17 283 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан қаза болғандар саны 2 235 адамды құраған. Сонымен қатар жол апатынан 22 мыңнан астам адам жарақат алған. «Бұл көрсеткіштер былтырғы жол-көлік оқиғаларына қарағанда 6,7 пайызға төмен, ал қаза болғандар саны 5,7 пайызға, жарақат алғандар саны 6,2 пайызға аз. Қолданыстағы заң қабылданғаннан соң, 2014 жылы жолдағы көлік апаттары біршама азайды. Нәтижесінде қаза тапқандар мен жарақат алғандар көрсеткіші де төмендеп отыр. Яғни, заң өз нәтижесін беруде, жолдағы ахуалға оң септігін тигізіп жатыр», - дейді министр Қасымов. Оның пайымынша, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғалары негізінен автокөліктер санының артуына байланысты орын алып отыр. «Қазіргі таңда елімізде 4 млн 483 мың автокөлік бар, бұл ретте көлік құралдарының саны соңғы 7-8 айда 400 мыңға артқан. Екіншіден, қолданыстағы автокөліктердің 20 пайызының тозығы жеткен», - деді министр.
11:37, 09 Желтоқсан 2015
Өткен 11 айда елімізде жол-көлік оқиғаларынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты - ҚР ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылдың 11 айында жол-көлік оқиғаларынан 2 мың 235 адам қаза тапты. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.