Өткен аптада 5 445 қылмыс жасалды - ІІМ ресми өкілі

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен апта ішінде елімізде 5 445 қылмыс тіркеліп, оның 2 424-інің «ізі суымай» ашылды.

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, бұрын жасалған 385, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 47 қылмыс әшкереленіп отыр. Іздеу жарияланған 101 қылмыскер табылған.

«9 дана қару тәркіленіп, 61 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 48 есірткі сату қылмысы бар. Осы жұмыстар барысында жалпы салмағы 41 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 25 келіге жуығы - героин», - деді Н. Ораз.