Өткен аптада республика аумағында 7407 қылмыс тіркелді

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен аптада республика аумағында 7407 қылмыс тіркелді, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, апта ішінде 7 407 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 191 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 744 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 19 қылмыс әшкереленді. Іздеу жарияланған 123 қылмыскер ұсталды.

«Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 58 қылмыс анықталды, оның ішінде 21-і сату фактісі. Жалпы салмағы 1 тонна 700 келі есірткі заты тәркіленіп алынды», - делінген хабарламада.