Өткен аптаның ішінде елде 19 адам суға кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 5-11 тамыз аралығында, елдің су айдындарында 19 адам көз жұмды. Оның бесеуі – бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 адамның, соның ішінде 4 баланың, өліміне шомылукезінде шамасына қарамау себеп болды. Екі бала қараусыз қалып, суға батыпкеткен. Бір адам су айдынын жүзіп өтпек болып көз жұмса, тағы екеуі балық аулаукезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан қаза тапты.

12 тамыздағы жағдайға сәйкес, шомылу маусымы басталғалыбері елдің су айдандарында 249 адам батып кеткен (2018 жылы – 238 адам), оның84-і – балалар (2018 жылы – 68 бала).

Адамдардың көз жұмуына шомылу кезінде шамасына қарамау(201 адам, 58-і - бала), балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы (24 бала суғақұлап, көз жұмған) себеп болды, 22 адам мас күйінде шомылып қаза тапса, 2 балажүзе алмағандықтан батып кеткен.

Шомылу маусымы басталғалы бері адамдардың суға батыпкету деректері ең көп тіркелген аймақтарға Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан,Павлодар және Ақмола облыстары жатады.

Соңғы жаңалықтар