Өткен тәулікте боранда жолда қалған 300-ден астам адам құтқарылды

Кешелі бері ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда шектеу енгізілді. Соған қарамастан жолда қалып қойған адамдар аз болған жоқ, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: ТЖМ

Өткен тәулікте ТЖМ ЖАО, ІІМ, жол қызметтері қар құрсауынан 106 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. 

Фото: ТЖМ

223 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.

Жалпы құтқарушылар авариялық және іздестіру-құтқару жұмысына 82 мәрте шықты.

Фото: ТЖМ

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді.