«Алдын алу әрекетін қабылдамаған, қоғамға қарсы күш қолдану ниеті бар тұлғаларға қатысты күш қолдануға мәжбүрміз. Өткен жылдың басынан бастап біз 14 радикалдық топ қызметінің жолын кестік. Барлығы 36 адам тұтқындалды, олар шетелде және бізде лаңкестік актілерін жоспарлаған», - деді ол.
«Мұндай адамдарды жіті бақылау қажет, - деді Н. Қыдырбаев. Олар интернет арқылы халықаралық террорлық ұйымдарға жұмыс істейді».
Оның айтуынша, 5 маусымда Ақтөбеде 25 адамның лаңкестік жасауына осындай әрекет ықпал еткен.