Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.
«Қазіргі таңда еліміздің автомобиль паркі қарқынды артып келеді. Бұл жолдардағы көлік құралдарының мөлшерден тыс өсуіне әкеп соғуда. Соңғы бес жыл ішінде еліміздегі көлік құралдарының саны екі есеге артты және шамамен 4 миллион бірлікті құрап отыр», - деді Қ. Қасымов. Министрдің айтуынша, автомобиль паркінің өсуі көше-жол торабының даму қарқынынан едәуір алға кеткен. Бұдан бөлек, жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік жүргізушілерінің көлікті басқару тәртібі әлі де төмен деңгейде.
«Өткен жылы республикада 23 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 3 мың адам қаза тапты 20 мыңнан астам адам жарақат алды», - деді Ішкі істер министрі.