Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ойыл аграрлық колледжінің студенттері «30 игі іс» акциясын қолдады. Жастар жеке көлігімен ауыл ішінде адамдарды тегін тасыды.
«Ауыл тұрғындары өз алғысын білдіріп, жастарды қолдайтынын айтты. Бұл қайырымдылық шарасы алдағы уақытта өз жалғасын табады. Ардагерлерді де назардан тыс қалдырмаймыз. Жалғызбасты қариялардың үйін жинап, қарын тазартып береміз», - деді «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы, аудандық жастар ресустық орталығының басшысы Мейрамбек Музамелұлы.
Ойыл ауданының жастары Қараой ауылындағы замандастарына эстафета жолдады. Олар таңертең балаларды балабақшаға тасыды. Қараой жастары болса Сарбие ауылындағы замандастарын акцияны қолдауға шақырды. Айта кетейік, аудандағы игі іс әр ауылды қамтиды.