«Оқу үрдісі уақытында №76 орта мектептің оқушылары ерегісіп қалады, жанжал барысында біреуі екіншісінің кеуде тұсына қаламмен қатты соққы жасаған. Кеудеге тереңдей енген жарақат салдарынан 8 сынып оқушысы оқиға орнында жантәсілім етті», делінген хабарламада.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.