Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, келіссөз барысында тараптар Өзбекстан азаматтары үшін визасыз режим енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар екі ел азаматтарының өзара сапарларына қолайлы жағдай жасау мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар визалық рәсімдерді жеңілдете отырып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.
Еске салайық, 2030 жылға қарай өзбекстандықтар әлемнің 50 еліне визасыз сапарлай алады.
Сондай-ақ, Еуроодақ пен Өзбекстан визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылап жатыр.