ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ташкент қаласында және Өзбекстанның басқа да аймақтарында 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Қырғызстанмен шекаралас Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 7 балл, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Дүйсенбі күні сағат 23:13-те Ташкентте және Өзбекстанның өзге де аймақтарында жер сілкінісі тіркелді. Өзбекстан астанасы тұрғындарының ақпараты бойынша, жоғарғы қабаттардағы тербелістер 30-40 секундқа созылды.
Өзбекстан ТЖМ республикалық сейсмопрогностикалық мониторинг орталығы эпицентр Қырғызстан шекарасына жақын Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Ақсу округінде болғанын мәлім етті.
Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 7 балл болды. Оның тереңдігі - 15 км. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық 862 шаықырым.
Ташкентте сезілген жер асты дүмпулерінің күші - 3 балл. Ал, Андижан, Ферғана және Наманған облыстарында (эпицентрден 600-650 км) - 3-4 балды құрады.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.