Өзбекстан аумағында жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсмологтар бүгін магнитудасы 5,6 жер асты дүмпулерін тіркеді.

Фото: Anadolu

Қазақстандық Геофизикалық зерттеулер институтының Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтері бойынша жер сілкінісі 2026 жылғы 20 мамырда Астана уақытымен сағат 01:40–та Өзбекстан аумағында тіркелген.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік — 40,33°, шығыс бойлық — 63,03°. Магнитудасы mb = 5.6. Энергетикалық класы K = 13.5.

Бұған дейін Қытайдың оңтүстігінде жер сілкінісінен екі адам қаза тапқаны туралы жаздық.