Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
«Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 568 шақырым қашықтықта, Өзбекстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.4 болса, магнитудасы - MPV 4.6, ал тереңдігі - 15 шақырым», - делінген хабарламада.