Атап айтсақ, Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің Самарқанд облыстық басқармасының қызметкерлері өткізген жедел іс-шарада Самарқанд қаласының 44 жастағы тұрғыны жергілікті азаматтың сеніміне кірген. Оны Мексика арқылы Америка Құрама Штаттарына жіберуге уәде беріп, ақысына 25 мың доллар талап еткен. Алайда құжаттарды тіркету үшін деп алдын ала 15 мың доллар алу кезінде қолға түсті.
Сондай-ақ Пастдарғом ауданының 32 жастағы тұрғыны Каттақорған ауданындағы 27 жастағы танысымен келісе отырып, жергілікті азаматтың сеніміне кірген. Оны Түркия – Армения – Никарагуа - Мексика бағыты бойынша АҚШ-қа жіберуге уәде еткен. Қызмет ақысына 23 мың доллар сұраған. Бірақ олар алдын ала 12 мың доллар алған кезде ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Ферғана облысы бойынша департаменті қызметкерлері облыстық ІІБ-мен бірлесіп өткізген жедел іс-шарада Әндіжан ауданында тұратын 24 жастағы азамат Қоқан қаласының тұрғынын Америкаға «жібермек болған». Ол 10 мың доллар алып жатқан жерінде құрықталды.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды.