ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 22 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Өзбекстан халқының саны 37 000 991 адамға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстан Сататистика агенттігінің дерегінше, оның ішінде 18,6 млн - ерлер, 18,3 млн - әйелдер.
Еске салайық, осыдан 22 күн бұрын республикадағы тұрақты тұрғындардың саны 36 963 262 адам болған еді.
Қоса кетсек, Өзбекстанда халық санағын өткізу 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Алдын ала есепке сай, оған 800 млрд сум ($63,4 млн) қажет.
Болжамға сәйкес, 2030 жылы Өзбекстан халқының саны 40 миллионнан асады. Ал 2040 жылы бұл көрсеткіш - 46 млн, 2050 жылы 50 млн-ға жетеді деп күтілуде.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.