Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, президенттер қаржы, білім, мәдениет және мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзге де салалары бойынша мына сегіз құжатқа қол қойды:
- Самарқандта Француз альянсын құру және оның қызметі туралы үкіметаралық келісім;
- Өзбекстанның ауыз сумен жабдықтау инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі үкіметаралық қаржылық хаттамалар (1 және 2 кезең);
- Өзбекстанда Француз даму агенттігі мен PROPARCO құру және оның қызметі туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
- Сыртқы істер министрліктері арасындағы дипломатиялық кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық декларациясы;
- мектепке дейінгі, мектеп, кәсіптік және жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық декларациясы;
- кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластық.
Сонымен қатар сапар аясында Өзбекстанның мәдениет және өнерді дамыту қоры мен Suez және Bouygues компаниялары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі декларацияға қол қойылды.
Еске салайық, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 1 қарашада Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон Өзбекстанға ресми сапармен келді. Бүгін Самарқанд қаласында екі елдің басшылары шағын құрамда кездесу өткізді.