Өзбекстан мен Ресей АЭС салу келісімшартының күшіне ену хаттамасына қол қойды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігі мен «Росатом» Жизақ облысында аз қуатты атом электр станциясын (АЭС) салу келісімшартының күшіне енуіне байланысты хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігі
Аз қуатты атом электр станциясын салу жөніндегі штабтың бірінші отырысы Өзбекстандағы құрылыс алаңында өтіп, оның барысында хаттамаға қол қойылды. Нысанның инфрақұрылымын құру жұмыстары биыл күзде басталады.
Фото: Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігі
Бұған дейін хабарлағанымыздай, АЭС-тің алғашқы рекаторы 2029 жылдың соңында іске қосылмақ. Ал ол толық қуатта 2033 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Жалпы Өзбекстанда әрқайсысы 55 МВт болатын 6 шағын реактор салынады.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.