Өзбекстан Орталық банкі негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстан Орталық банкі 16 қыркүйекте өткен отырысында негізгі мөлшерлемеге өзгеріс енгізбеді. Осылайша елдегі негізгі мөлшерлеме 14 пайыз деңгейінде сақталды.

Фото: caravan-info.uz

Реттеуші органның мәлімдеуінше, әлемдік нарықтағы шикізат, азық-түлік және энергия бағасының өсуі импорт арқылы Өзбекстандағы тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әсер етіп отыр. Сонымен қатар орта мерзімді кезеңде тасымалдау мен логистика шығындарының өсуі де инфляцияға қысым жасап отыр.

— Инфляцияның төмендеуі жалғасып, экономикадағы жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Алайда бағаның қайта өсуіне әсер етуі мүмкін бірқатар қатер әлі де сақталған. Осыған байланысты реттеуші инфляциялық қысымды тежеу үшін қазіргі қатаң ақша-несие саясатын жалғастыру қажет, — деп атап өтті Орталық банк баспасөз хабарламасында.

Тамызда Өзбекстандағы жылдық инфляция 6,2 пайызға дейін төмендеп, бағаның өсу қарқыны баяулай түсті. Ал негізгі инфляция 5,5 пайыз шамасында болды.

— Сонымен қатар бағасы жылына 5 пайыздан жоғары өсіп жатқан тауарлар мен қызметтердің үлесі артып келеді. Бұл экономикадағы баға өсімінің әлі де тұрақты сипат алып отырғанын көрсетеді, — делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін АҚШ Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені 4%-ға көтергенін хабарланғанбыз.

Ақзат Жиеналина